
Табиғат аясындағы сенбілік өтті
2026 жылғы 11 шілде күні ауылымызда қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекеннің көркеюіне үлес қосу мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілерді қоса алғанда 60 адам белсенді қатысты. Сонымен қатар, жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін 2 трактор техникасы жұмылдырылды.
Іс-шара барысында ауыл аумағы қоқыстан тазартылып, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілді, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып, жоғары азаматтық жауапкершілік пен белсенділік танытты.
Осындай игі шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғатты аялауға және ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-amangeldi/press/news/details/1257151?lang=ru

Жауап қалдыру