«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күн сайын жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарды ластау деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында күнделікті профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Бұл бағыттағы жұмыста Жедел басқару орталығының атқаратын рөлі ерекше. Бейнебақылау камералары арқылы жүргізілетін тәулік бойғы мониторинг нәтижесінде қоғамдық орындарды ластау фактілері дер кезінде анықталып, құқық бұзушылар заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамдық орындарды ластаудың 149 дерегі анықталып, жолы кесілді.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, тазалықты сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Өйткені таза әрі жайлы орта – әрбір тұрғынның жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1255765?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді