«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Таза әрі көрікті орта – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Көшелерді, саябақтарды, демалыс орындарын және өзге де қоғамдық аумақтарды таза ұстау – туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Әр тұрғын қарапайым тазалық талаптарын сақтап, қоқысты арнайы орындарға тастау арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарды ластағаны үшін жеке тұлғаларға 43 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Сондықтан әрбір азаматты қоғамдық тәртіпті сақтап, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Қаланы таза ұстау – өз қолымызда! Табиғатты аялау мен тазалықты сақтау – бүгінгі ғана емес, келер ұрпақ алдындағы ортақ міндет.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1257156?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді