
Меркі ауданында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрғын үй секторында және автокөліктерде өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық акция өткізді. Іс-шара барысында тұрғындарға электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, пешпен жылыту кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ автокөліктің техникалық жағдайын бақылап, жарамды өрт сөндіргішті міндетті түрде алып жүру қажеттігі түсіндірілді.
Акция соңында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1255472?lang=ru

Жауап қалдыру