
Петропавл қаласында тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарын түсіндіруге бағытталған профилактикалық рейдтік іс-шаралар жалғасуда. СҚО ТЖ департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған мобильді топтар әлеуметтік нысандарды, қоғамдық тамақтану орындарын және жеке тұрғын үй секторын аралады.
Рейд барысында мамандар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар тұратын үйлерге ерекше назар аударады. Тұрғындарға газ жабдығын пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік талаптары және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар түсіндіріледі.
Мұндай профилактикалық жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздік талаптары туралы хабардарлығын арттырып, тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде орын алуы мүмкін қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1256635?lang=ru

Жауап қалдыру