Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     2026 жылғы 10 шілдеде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің орынбасары Маратұлы Нұртуған, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы  бөлімінің, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері,  «Нарын таңы» газетінің тілшісі қатысты.

     Сессияда  «2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджетіне  өзгерістер енгізу туралы,  «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер мен толықтыру  енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын  сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшеріне  өзгеріс енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының консультативтік-кеңесші комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасына  өзгерістер  енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісу туралы,  Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер қаралды.

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды.

      Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1256393?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді