
VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың
кезекті 36-сессиясы туралы
Хабарландыру:
VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 36-сессиясы 2026 жылдың 21 шілдесінде сағ. 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында өтеді (Абылайхан даңғылы, №122, 2-қабат).
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауының есебі туралы.
А.Башимбаев – Үржар ауданының әкімі
- Аудан көлемінде Қазақстан Республикасының салық кодексі талаптарына сәйкес салық және бюджетке міндетті төлемдердің орындалуының барысы туралы
М.Казбекова – Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы
- Үржар ауданында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы туралы
Л.Дуйсенова – Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
- Ауыл шаруашылығы, еңбек, сауданы дамыту, өндіріс, кәсіпкерлік, коммуналдық-тұрмыстық қызметтер, байланыс және экология жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы
А.Абайбеков – тұрақты комиссия төрағасы.
- Әр түрлі мәселелер.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат 9.00-де өткізіледі.
Үржар аудандық
мәслихатының төрағасы А.Омаров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/urdzhar-maslihat/press/news/details/1256955?lang=ru

Жауап қалдыру