Ұмытшақтықтың құны: жүргізушілер неге қауіпсіздік белдігін тақпай, тәуекелге барады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысында 5 мыңға жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тағу талабын елемеген. Әрбір жүргізуші қауіпсіздік белдігін тағу – жүргізуші мен жолаушылардың өмірін қорғаудағы ең маңызды қауіпсіздік шараларының бірі екенін біледі. Қауіпсіздік белдігі жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр жарақат алу қаупін азайтып, адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді. Сонымен қатар, апат немесе көлік кенет тоқтаған жағдайда белдік жүргізуші мен жолаушыны орнында ұстап, көлік салонының бөліктеріне соғылудан немесе терезеден сыртқа ұшып кетуден қорғайды.

– Өкінішке қарай, бұл талапты іс жүзінде барлығы бірдей сақтай бермейді. Жүргізушілер мен жолаушылар түрлі себептерді алға тартады: қауіпсіздік белдігі қозғалысқа кедергі келтіреді, қолғап салғышқа немесе магнитолаға жетуге ыңғайсыз, белдік таққанда тыныс алу қиындайды, жай ғана ұмытып кеттім дейді немесе бұл сұраққа мүлде жауап бермейді, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінде.

Бұл құқық бұзушылық алғаш қарағанда елеусіз болып көрінуі мүмкін. Алайда тәжірибеде жол-көлік оқиғасына ұшырап, қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан ауыр жарақат алған азаматтар аз емес. Әсіресе, көлікпен балаларды тасымалдайтын жүргізушілер үшін бұл талаптың маңызы зор. Баршаға ортақ қауіпсіздік ережелері бар және оларды мүлтіксіз сақтау қажет.

Полицейлердің еске салуынша, Жол қозғалысы қағидаларына сәйкес, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралын басқару кезінде жүргізуші өзі міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тағып, белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1255893?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді