Велошеру өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көпбірлік ауылының 95 жылдығына және дәстүрлі «Балықшылар тойы» мерекесіне орай ерекше велошеру өтті.

Велошеруге қатысқан Үштөбе қаласының тұрғыны Утельбаев Дәурен Үштөбе қаласынан Көпбірлік ауылына дейінгі 180 шақырым қашықтықты велосипедпен еңсерді. Ол бұл жолды шамамен 10 сағаттың ішінде жүріп өтіп, табандылық пен төзімділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Аталған бастама салауатты өмір салтын дәріптеуге, велоспортты дамытуға және бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға бағытталды. Мерейтой аясында ұйымдастырылған бұл игі іс-шара қатысушылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, спортпен тұрақты айналысуға үндейтін жарқын үлгі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1257787?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді