Учаскелік полицей – халыққа ең жақын қызметкер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу – учаскелік полиция инспекторының негізгі міндеттерінің бірі. Ол өзіне бекітілген әкімшілік аумақтағы тұрғындармен тұрақты байланыста болып, олардың өтініштері мен мәселелеріне жедел ден қояды.

Учаскелік инспектор тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, азаматтарға құқықтық кеңес береді және әр отбасының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етеді.

Халық пен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға үлес қосып жүрген учаскелік инспекторлардың еңбегі – қауіпсіз қоғамның берік негізі.

👮‍♂️ Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік. Қауіпсіз қоғам әр азаматтың заң талаптарын сақтап, құқық қорғау органдарымен бірлесе әрекет етуінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1255956?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді