ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 5 шілдеде өткен Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысына сәйкес, Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Карл Бахтияр Асқарұлы Чапаев ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Осыған орай, аудан әкімі Мұрат Сердалин Чапаев ауылдық округінің активімен кездесіп, жаңадан сайланған әкімді таныстырды. Аудан басшысы Бахтияр Асқарұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс, ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ербол Мангуров комиссияның шешімімен таныстырып, Бахтияр Асқарұлына ауылдық округ әкімінің қызметтік куәлігін табыс етті.
Карл Бахтияр Асқарұлы 1988 жылғы 31 шілдеде Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінде бас маман ретінде бастаған.

2011–2016 жылдары Ақтау қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры филиалында, Орал қаласындағы «Цеснабанк» АҚ-да және «ForteBank» АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2017 жылы Орал қаласының мәдениет және спорт бөлімінде, кейін Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратында еңбек етті.

2017–2018 жылдары Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімінде және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маман қызметтерін атқарды.

2019 жылы Теректі ауданы әкімінің көмекшісі болды.

2019–2020 жылдары Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2021–2024 жылдары Теректі ауданының Новопавловка ауылдық округінің әкімі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1255966?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді