
2026 жылғы 13 шілдеде сағат 12.00-де Железин ауданы әкімдігінің кіші залында 8-сайланған Железин аудандық мәслихатының 51-кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияға Железин ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері шақырылады.
Сессияның қарауына:
Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 210/8 «2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмыс нәтижелері туралы және басқа да мәселелер енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1255452?lang=ru

Жауап қалдыру