
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілер арасында «Еурохаттаманы» қолдану тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері «Еурохаттама» жеңіл жол-көлік оқиғаларын полиция қызметкерлері мен соттың қатысуынсыз рәсімдеуге мүмкіндік беретінін түсіндіруде. Бұл уақытты үнемдеп, сақтандыру төлемдерін рәсімдеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Профилактикалық түсіндіру барысында жүргізушілерге «Еурохаттаманы» қолданудың негізгі шарттары жеткізілуде. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғасына тек екі автокөлік қатысуы, оқиға салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеуі, үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтірілмеуі, жүргізушілер арасында оқиғаның мән-жайына қатысты өзара келісім болуы, екі жүргізушінің де міндетті автосақтандыру полисінің болуы және келтірілген материалдық шығын көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.
Полицейлердің айтуынша, «Еурохаттаманы» пайдалану жол-көлік оқиғаларын жедел рәсімдеуге, жолдағы кептелістердің алдын алуға және жүргізушілер үшін рәсімдеу тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жетісу облысы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық танытуға және заңнамада көзделген жағдайларда «Еурохаттаманы» тиімді пайдалануға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1256431?lang=ru

Жауап қалдыру