
«Салауатты жұмыс орындары» бастамасы аясында Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Алға А» ЖШС қызметкерлеріне жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетінің алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға «Шаруашылық есептегі консультативтік емхана» ММ-нің кардиолог дәрігері қатысты. Семинар барысында жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторлары, алғашқы белгілері, кардиологқа уақтылы қаралудың маңыздылығы және аурулардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану мен созылмалы ауруларды бақылаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, денсаулықты сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1255447?lang=ru

Жауап қалдыру