
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мандатын іске асыру шеңберінде №48 мекемесіне бару жүзеге асырылды.
Жеке қабылдау барысында сотталғандардың келіп түскен өтініштері қаралып, олар бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті шегінде құқықтық түсіндірмелер берілді. Алынған мәліметтер қосымша зерделеуді қажет ететін жекелеген мәселелердің бар екенін көрсетті. Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті ақпарат қарау және өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
Мекеменің негізгі нысандары, оның ішінде тұрғын аймақ, медициналық бөлім, асхана және карантин бөлімшесі араланып шықты. Мемлекеттік органдарға өтініштер жолдауға арналған электрондық терминалдардың қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.
Медициналық бөлімде медициналық көмек алып жатқан сотталғандармен әңгімелесу жүргізіліп, емдеуді ұйымдастыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сауалнама барысында медициналық көмек көрсетуден бас тартуға қатысты шағымдар түскен жоқ.
Мекеменің асханасына бару кезінде сотталғандармен тамақтану сапасы, азық-түлікпен қамтамасыз ету нормаларының сақталуы және ұстаудың тұрмыстық жағдайлары мәселелері бойынша әңгімелесу жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1259080?lang=ru

Жауап қалдыру