📢Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
📌Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді. Онда әрбір азамат сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес ала алады.
📍Сонымен қатар, сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін Sailau_Aqmo_bot Telegram-боты іске қосылды. Оның көмегімен сайлаушылар тізімінде өзіңіз туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруге және өз сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады.
🔹Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосып, халықтың пікірін білдіретін өкілді органды қалыптастыруға атсалысу мүмкіндігі.
❗️Барша Ақмола облысының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, ұсынылған сервистерді пайдаланып, 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз!
❗️ Сіздің дауысыңыз – ел болашағы үшін маңызды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1258119?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді