🔰 «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: ӘДІЛ КЕҢЕС, АШЫҚ ҚАБЫЛДАУ, НАҚТЫ ШЕШІМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Бүгін, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген «Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы ІІІ тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесіне» сәйкес Департаменттің ұйымдастыруымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
 
🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың еңбек қатынастары саласына байланысты өтініштері мен сауалдарын тыңдап, оларға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес жан-жақты құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және өзекті мәселелерді талқылау болды.
 
🔹 Қабылдау барысында Департамент басшысы мен мемлекеттік еңбек инспекторлары Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан келген 7 азаматтарды жеке қабылдап, оның ішінде 1 азамат тарапынан арыз жазылып, өндіріске қабылданды, 6 азаматқа еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме берілді.
 
🔹 Сонымен қатар, азаматтар еңбек шартын жасасу және бұзу, жалақы төлеу, еңбек демалысын беру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, сондай-ақ еңбек дауларын шешу тәртібі бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
 
🔹 Департамент мамандары әрбір азаматтың өтінішіне жеке тоқталып, еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес түсіндірмелер мен қажетті құқықтық кеңестер берді. Заңнамада көзделген тәртіппен шешуді талап ететін мәселелер бақылауға алынып, тиісті түсіндірулер ұсынылды.
 
🔹 Мұндай ашық қабылдаулар мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы тиімді кері байланысты нығайтып, еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1258531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді