🔹«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастарына еңбек заңнамасы бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастарына кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау және олардың еңбек қызметіне тарту тәртібі мен еңбек заңнамасының талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жанабай Усембайұлы Аймаганбетов, Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Әсет Әбілахатұлы Ермұқанов, сондай-ақ Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары, оларды жұмысқа қабылдау ерекшеліктері, еңбек шартын жасасу тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек қауіпсіздігі талаптары және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу, жастардың еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1258600?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді