
Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жазғы кезеңде балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар қаралды. Баяндамалармен аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі және білім бөлімі өкілдері сөз сөйледі.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері аудандық полиция бөлімінің екі ұсынысын қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1258394?lang=ru

Жауап қалдыру