
2026 жылғы 09 шілдеде медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Р.А.Тойболдинов департамент қызметкерлеріне «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін реттейтін Қағидалардың негізгі талаптары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, лицензия алуға қойылатын талаптар, өтініш берушілер ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі, өтініштерді қабылдау және қарау тәртібі, лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау негіздері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін сақтау, медициналық қызметті лицензиялау кезінде біліктілік және рұқсат беру талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы көрсету ерекшеліктері бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1258004?lang=ru

Жауап қалдыру