
2026 жылғы 14 шілдеде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған жұмыс кеңесіне қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарындағы негізгі жаңашылдықтар түсіндірілді. Кеңес барысында мемлекеттік қызметтің сервистік моделін қалыптастыру, заңдылық, адалдық, меритократия қағидаттарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аталған іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын тиімді іске асыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1258704?lang=ru

Жауап қалдыру