2026 жылғы 14 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының: бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның; агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның; әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырыстары өтті.

Депутаттар бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында мынадай мәселелерді қарады: «Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру туралы». Аталған мәселе бойынша депутаттар алдында ШҚО туризм және инвестициялар басқармасының басшысы Е.А.Сембинов ақпаратпен сөз сөйледі. «Шығыс Қазақстан облысында бизнесті қолдау шараларын әзірлеу және іске асыру туралы» екінші мәселе бойынша депутаттар ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары А.Н. Есентаевты тыңдады.

Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында депутаттар әлеуметтік саладағы кадр тапшылығын жою жөніндегі шаралар кешенін талқылады. «Әлеуметтік бағыттағы ұйымдарды (білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіп органдары) кадрлармен қамтамасыз ету шаралары, атап айтқанда түлектерді ЖОО мен колледждерді бітіргеннен кейін сұраныс бар орындарға бөлу және әлеуметтік пакетті қалыптастыру жоспарларын әзірлеу туралы» баяндамамен білім басқармасының басшысы Қ.Б.Оқасов сөз сөйледі. 

Сондай-ақ, тұрақты комиссиялардың барлық отырыстарында облыстық мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясына енгізілген шешімдердің жобалары қаралып, талқыланды.

Сағат 16.00-де облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыста мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясының күн тәртібіне енгізілген шешімдердің жобаларын егжей-тегжейлі түсіндірумен: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Қ.Б.Оқасов, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.М.Құсайынов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а. Г.Қ.Қорғанбекова, Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары А.А.Қайрақанова сөз сөйледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1257881?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді