27 шілдеден бастап балабақшаларда бос орындар жарияланады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! 📢
Семей қаласының Білім бөлімі маңызды жаңалықпен бөліседі! 🏫
✅ 27 шілдеден бастап балабақшаларда бос орындар жарияланады.
✅ 28 шілдеден бастап кезекте тұрған балаларға ваучерлер автоматты түрде беріледі.
Ата-аналардың назарына:
🔹 Кезекте тұрғандар: жүйеге кіріп, кезегіңізді тексеріңіз және «ерте брондау» арқылы орынды бекітіңіз.
🔹 Кезекте тұрмағандар: орын алу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін smart nation balabaqha қосымшасы арқылы тездетіп кезекке тұрыңыздар!
🔹 Биыл 2024 жылы туған балаларға орын беріледі.
💡 Егер сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса, Достоевский көшесі, 110 мекенжайы бойынша білікті мамандардан кеңес ала аласыздар.
Уақытылы әрекет етіп, балаларыңыздың балабақшадағы орнын брондап үлгеріңіздер! 👧🏻

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1259059?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді