Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына енгізілетін өзгерістерді талқылауға қатысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің маманы А.М. Косыбаева Әлеуметтік қызметтер порталының (ӘҚП) жұмыс қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын талқылау жөніндегі жиынға қатысты.
Өзгерістердің мақсаты: Мүгедектігі бар адамдарға арналған тауарлар мен қызметтерді берушілерге қойылатын талаптарды күшейту және олардың тіркелу кезінде ұсынатын мәліметтерінің дұрыстығы үшін жауапкершілігін арттыру.
Не талқыланды: ӘҚП мәселелері жөніндегі комиссия қызметіне жаңа нормаларды енгізу және берушілерді тіркеудің жаңартылған қағидалары.
Жиынға Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары (комиссия төрағасы) Ж.К. Абдолов және комиссия мүшелері де қатысты.

Ұсынылып отырған өзгерістер мүгедектігі бар адамдарға берілетін оңалтудың техникалық құралдары мен әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1258487?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді