«АЙҚЫН НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Айқын нәтиже» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданы прокуратурасында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саттар Абу-Али Анарбайұлының төрағалығымен құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жедел кеңес өтті.
Кеңес барысында аудан аумағындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері жан-жақты қаралды. Жауапты мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттер айқындалды.
Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау, профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру және халықпен кері байланысты күшейту бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Түркістан облысы прокурорының орынбасары профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Іс-шара соңында Саттар Абу-Али Анарбайұлы аудан тұрғындарын жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында түсіндірмелер беріп, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1257996?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді