“Алькогольсіз ауыл” іс-шарасы аясында жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өмірзақ ауылында орналасқан азық-түлік дүкен иелерімен “Алькоголсіз ауыл” іс-шарасы аясында, ауыл әкімі Б. Кенжалиевтің төрағалығымен және Өмірзақ ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы Б. Зәкібай, Ақтау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы кіші әділет кеңесшісі С. Ешмуратовтың қатысуымен жиын өтті.

Аталған іс-шара барысында, сауда орындарының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алкоголь өнімдерінің қоғамға тигізер кері әсері, отбасылық құндылықтар, жастар тәрбиесі және қоғамдық тәртіпке ықпалы туралы жан-жақты талқыланды., Сонымен қатар, кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиын нәтижесінде, кәсіпкерлер тарапынан бастамаға қолдау білдіріп, алдығы уақытта бұл бағытта жұмыстар жүйелі түрде жалғастырып, ауыл тұрғындарының қатысуымен қосымша кездесу ұйымдастырып, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1259078?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді