
Алматы қаласының аудандық төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлері халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде профилактикалық әңгімелер мен нұсқамалар қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық мекемелерінде, автожанармай құю станцияларында, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен әлеуметтік мекемелерде ұйымдастырылды.
Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндіреді, өрт туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін еске салады, судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібімен, оның ішінде негізгі “жер сілкінісі кезіндегі 10 қадаммен“таныстырады.
Жазғы каникул кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына, сондай-ақ ықтимал өрт қауіпті объектілерді пайдалану кезінде талаптардың сақталуына ерекше назар аударылады. Кездесулер барысында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат жеткізіледі, нұсқаулықтар өткізіледі, қызықтырған сұрақтарға жауаптар беріледі және қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсынымдар таратылады.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті еске салады: қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау төтенше жағдайлардың туындауын болдырмауға, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыс жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1258330?lang=ru

Жауап қалдыру