
Алматының Медеу ауданындағы Шухов атындағы скверде кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.
Аумақта 26 мың шаршы метр алаң көгалдандырылды, құнарлы топырақ төселді. Сондай-ақ, автоматты суару жүйесінің құрылғылары орнатылуда, қазірдің өзінде 5,6 шақырымға жуық магистральдық құбырлар тартылды.
Алаңда ескірген шағын сәулет пішіндері, жабындар, балалар, футбол және баскетбол алаңдарының қоршаулары алынып тасталды. Олардың орнына жаңа спорттық, жаттығу және ойын элементтері орнатылады.
Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1259051?lang=ru

Жауап қалдыру