АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ЭКОЛОГИЯ, ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖӘНЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық еткен аппараттық мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер қаралды. Күн тәртібіне екі маңызды мәселе енгізілді.
Алғашқы мәселе бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды. Баяндаманы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сейденбек Ақселеу ұсынды. Мәжілісте елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ жылу беру маусымына дайындықты сапалы ұйымдастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Екінші мәселе бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Насыр Ербол индикаторлық көрсеткіштердің 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы орындалуы мен бөлімнің алты айда атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Жиында жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейі сараланып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын міндеттер нақтыланды.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлімдер мен сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1258828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді