Ақмола облысының жолдарымен құжаттарсыз 800 литрден астам гербицидтер тасымалданған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде химиялық заттардың ірі партиясын заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты.
15 шілдеде Көкшетау – Атбасар автожолының 8-ші шақырымында полицейлер шамадан тыс тиелген Volkswagen Transporter көлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде канистрлерден 800 литрден астам гербицидтер табылды.
Жүргізуші жүкті досының өтініші бойынша Есіл қаласынан Көкшетауға тасымалдағанын айтып түсіндірді. Алайда, ол тасымалдаудың заңдылығын және тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды ұсына алмады.
Мән-жайды талдау үшін жүргізуші көлікпен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Осы дерек бойынша тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Полицейлер жүктердің жекелеген санаттарын, оның ішінде химиялық заттарды тасымалдау барлық қажетті ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады.
Естеріңізге сала кетсек, 11 шілдеден бастап Ақмола облысының аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Рейдтер барысында полиция қызметкерлері 1700-ден астам жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтады. Аймақ жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1258446?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді