
Ақтау қаласында «Teniz» бизнес орталығынан (Ақбота саябағы аумағы) «Рахат» қонақ үйіне дейінгі автомобиль жолы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда ескі жиектастарды алу және жаңаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жолдың ескі асфальт-бетон жабыны фрезерлеу (қыру) әдісімен алынып, жаңа асфальт-бетон жабыны кезең-кезеңімен төселеді. Сонымен қатар, орташа жөндеу жұмыстары аясында жол белгілерін жаңарту және жол жиектастарын толық жаңарту жұмыстары да қарастырылған.
Жөндеу жұмыстарына 20-ға жуық жұмысшы мен 3 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Аталған жол учаскесін жаңарту көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік инфрақұрылымының сапасын жақсартуға және тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
– Осыған байланысты Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деді Исматулла Адай, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1259219?lang=ru

Жауап қалдыру