
АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 49-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 15 шілде күні Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс 49-сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ. Садықов қатысты.
Күн тәртібінде «Арыс қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіне енгізілген мәселе жан-жақты талқыланып, депутаттар ұсынылған өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдіріп, бірқатар нақты сұрақтар қойды. Өзара пікір алмасу барысында ұсыныстар сараланып, талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.
Сессия соңында Арыс қалалық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Е.Максимханұлы халықтың сенімін арқалаған депутаттарға бірлескен әрі нәтижелі жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да қала игілігі жолындағы ортақ бастамалардың табысты жүзеге асуына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1259197?lang=ru

Жауап қалдыру