
2026 жылғы 11–12 шілдеде Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Байқымыз» фестивалінің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жұмыстарына қатысты.
📌 Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына, тамақ өнімдерін сақтау және өткізу жағдайларына, сондай-ақ нысандардың санитариялық жай-күйіне бақылау жүргізілді.
📌 Жұмысымыздың негізгі мақсаты – санитариялық-эпидемиологиялық қауіптердің алдын алу және елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету.
📌 Көпшілік қатысатын іс-шаралардың қауіпсіздігі – мамандардың кәсібилігі, жауапкершілігі және үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1258855?lang=ru

Жауап қалдыру