Астанада қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізуші жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады.
Таңғы сағат 08:30 шамасында тәртіп сақшылары Қабанбай батыр даңғылында жол қозғалысын бақылау барысында «AUDI» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 34 жастағы жүргізушінің Сарайшық көшесі жағынан Қорғалжын тасжолы бағытына қарай қозғалып келе жатып, екі бағытты қозғалысқа арналған, төрт және одан да көп жолағы бар жолда қос тұтас (1.3) жол таңбасын кесіп өтіп, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққаны анықталды.
Жүргізуші осылайша Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 9-тарауының 61-тармағының талаптарын өрескел бұзып, өз өміріне ғана емес, жолдағы өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де нақты қауіп төндірді.
Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік материал рәсімделді.
Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жолдағы ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі.
Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілерді жолдағы тәртіп пен жауапкершілікті бірінші орынға қоюға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1258217?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді