Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға тағайындалады, яғни өңір бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы.
АӘК өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға, тоқсан сайын тағайындалады.
АӘК мөлшері балаларды қоса алғанда, отбасының отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген (6 айдан кем емес), бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін отбасының әрбір мүшесінің барлық табыс түрлері есепке алынады (АӘК тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған).
Бір жастан бастап алты жасты қоса алғанда, әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде (6488 теңге) ай сайынғы қосымша төлем төленеді.
АӘК тағайындаудан бас тартуға:
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің белгіленген кедейлік шегінен асуы;
2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған, учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы;
4) отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;
5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергеннің алдындағы алты ай ішінде;
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және анық емес құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі:
1) Кент әкімі;
2) Мансап орталығы;
3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www. egov. kz;
4) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
Уәкілетті органның заңды мекенжайы: Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 5, 7 кабинет, телефон: 8(71036)44061, электронды пошта: blh_ozs@mail.гu.
Жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiнен басқа, сағат 13.00 бастап 14.30 дейiнгi түскi үзiлiспен 9.00 бастап 18.30 дейiн, күн сайын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1259061?lang=ru

Жауап қалдыру