Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

Аудан әкімі кезекті жеке қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер қатынастары, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымды дамыту және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Әрбір көтерілген мәселе жан-жақты қаралып, заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлім басшыларына тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу және олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімі азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары әрдайым бақылауда болатынын айтып, тұрғындармен ашық әрі тиімді байланысты нығайту жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1259017?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді