
Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылынан 60 шақырым жерде орналасқан ашық аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды.
Хабарлама түскен бойда оқиға орнына «Ауыл құтқарушылары» қызметінің еріктілері мен жергілікті атқарушы органның қызметкерлері жедел шықты. Олардың үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, жану қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1259171?lang=ru

Жауап қалдыру