
«Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Айқын нәтиже» жобасы аясында учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп Бестамақ ауылы аумағындағы сауда орындары мен қоғамдық орындарда профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру фактілерін болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Профилактикалық жұмыстар барысында сауда нысандарының иелеріне алкоголь өнімдерін өткізу тәртібі мен қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, заңсыз сауда жасаған жағдайда көзделген әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1259235?lang=ru

Жауап қалдыру