Бүгін Жылыой ауданында алғаш рет бой көтерген арбаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов, аудан және қала әкімдігі өкілдері, сала басшылары, зиялы қауым мен тұрғындар қатысты.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі сөз сөйлеп, тұрғындарды жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуымен құттықтады. Ол арбаттың тұрғындардың жайлы демалып, серуендеп, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған маңызды демалыс орны екенін атап өтті.

«Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 1-ықшам ауданында арбат салу» жобасы аясында жүзеге асырылған нысанның құрылыс жұмыстарын «Орлан» ЖШС жүргізді. Жоба аясында арбат аумағына төсемтастар төселіп, жарықтандыру жүйесі, орындықтар мен шағын сәулеттік нысандар орнатылды. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, автоматты суару жүйесі мен түрлі-түсті музыкалық субұрқақ іске қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1258652?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді