Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын сақтау!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жарамдылық мерзімі өткен, жарамсыз болған, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын сақтау қажеттілігін еске салады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес мұндай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

Жарамсыз немесе сапасы талаптарға сәйкес келмейтін дәрілік заттарды пайдалануға, өткізуге немесе оларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға жол берілмейді.

Департамент фармацевтикалық қызмет субъектілерін, медициналық ұйымдарды және азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз етуге және оларды белгіленген тәртіппен жоюға шақырады.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дұрыс жою – халық денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға және дәрілік заттардың заңсыз айналымына жол бермеуге бағытталған маңызды шара.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1258559?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді