ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
♻️Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, олардың мәселелерін заңнама талаптарына сәйкес қарау және мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі.
📌Осыған орай, бүгін облыс әкімдігі ғимаратында Департамент басшысы Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
⁉️Жеке қабылдау барысында азаматтар білім беру ұйымдарына жүргізілетін жаңа мемлекеттік аттестаттау жүйесінің негізгі мақсатына, мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау талаптарына, лицензия алуға қойылатын біліктілік талаптары мен оларды реттейтін заңнамаларға, балабақшаның лицензия алу туралы өтінішін қарау мерзіміне, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға лицензия және лицензияға қосымша беру талаптарының бірдей қолданылуына қатысты сұрақтарын қойды.
📝Қабылдау барысында Департамент басшысы азаматтардың өтініштері мен сауалдарын мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1259116?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді