Энергетика министрлігінде ЕҚДБ өкілдерімен Әділ энергетикалық көшу жөніндегі әріптестікті дамытуға қатысты кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен Әділ энергетикалық көшу жөніндегі әріптестікті (JETP) одан әрі дамытуға бағытталған кездесуге қатысты.

Шараға ЕҚДБ-ның Климаттық стратегия және іске асыру департаментінің директоры, Sustainable Infrastructure Group бизнес-бағытының басшысы Фелисити Спорс, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы басшысының орынбасары, Еуразия өңірі бойынша энергетика жөніндегі өңірлік жетекші Ерлан Рамазанов, Климаттық стратегия және іске асыру департаменті директорының орынбасары, энергетикалық көшу жөніндегі бөлімшенің басшысы Кристиан Карраретто, өңірлік саясат және стратегия жөніндегі жетекші сарапшы Майра Қарасаева, өңірлік саясат және стратегия жөніндегі талдаушы Айгерім Салықбай, Энергетикалық ресурстар департаментінің банкирі Ілияс Ахетов, сондай-ақ аудармашы Александра Нигай келді.

Кездесу барысында тараптар JETP жобалар портфелін қалыптастырудың келесі кезеңдерін, халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл тетіктерін дамытуды, сондай-ақ Қазақстандағы бастаманың институционалдық әлеуетін нығайту жайын талқылады.

Энергетика вице-министрі Қазақстан үшін JETP ұлттық климаттық мақсаттарға қол жеткізудің, инвестициялар тартудың және энергетика саласының орнықты дамуын сақтай отырып, заманауи технологияларды енгізудің маңызды құралы екенін атап өтті.

Әріптестікті институционалдандыру сұрақтарына ерекше назар аударылды. Энергетика министрлігі платформаның негізгі тәсілдері мен жұмыс істеу тетіктерін нормативтік құқықтық актілерде бекітуді, барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының ашық әрі айқын қағидаларын айқындауды және бастаманы одан әрі іске асыру үшін орнықты негіз қалыптастыруды қажет деп санайды.

Энергетика министрлігі ЕҚДБ-ның JETP-тің институционалдық негізін дамытуға жәрдем көрсетуге дайын екенін құптап, тиісті нормативтік және ұйымдастырушылық тетіктерді әзірлеу барысында банк тарапынан сараптамалық қолдау көрсетуге қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға өзара мүдделілік танытып, Қазақстандағы Әділ энергетикалық көшу жөніндегі әріптестікті одан әрі дамыту бағытындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1258655?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді