
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға «Балалардың терезеден құлау оқиғасының алдын алу» және «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі» тақырыптары бойынша маңызды қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Мамандар жаз мезгілінде балалардың қараусыз қалуы қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты ата-аналарға балаларды үйде жалғыз қалдырмау, терезе маңына жиһаз қоймау, москит торына сүйенудің қауіпті екенін естен шығармау және терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнату қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Атап айтқанда, электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу, ақауы бар электр құралдарын пайдаланбау, газ құрылғыларын қараусыз қалдырмау, балалардың отпен ойнауына жол бермеу және төтенше жағдай туындаған кезде бірден 112 нөміріне хабарласу керектігі айтылды.
Профилактикалық іс-шара барысында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, олардың сұрақтарына жауап берілді.
Алдағы уақытта да халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1258878?lang=ru

Жауап қалдыру