
«Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, 2026 жылғы күзгі-дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдауды жүргізеді.
Дизель отынын әлеуетті жеткізуші операторлардан өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 15 – 20 шілде аралығында Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы – 82/1, 2-қабат, 2 – кабинет мекенжайы бойынша өтеді. Тел.: 87081674647, эл. пошта: madikow@bk.ru.
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қатаң толтырылады.
17 тармаққа сәйкес өтінімге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
техникалық паспорттың көшірмесі;
цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;
«Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы;
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ресурс ұстаушыдан дизель отынын сатып алу туралы шешімді өз бетінше қабылдаған кезде талап етілмейді.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау жөніндегі комиссияның отырысы мына мекенжай бойынша өтеді: Семей қаласы, Қайым Мұхметханов көшесі, 8-үй, мәжіліс залы.
Комиссия отырысының өткізілетін күні мен уақыты туралы әлеуетті операторларға және Комиссия мүшелеріне жеке тәртіппен қосымша хабарланатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1258590?lang=ru

Жауап қалдыру