Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділігінің қамтамасыз етілгенін растау жөніндегі сәйкестік декларация туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15.07.2026 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Сагимбаева Алия Сламжановна  Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы Н.Өтепбергеновтің, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Ж. Демесіннің және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарының  қатысуымен ҚР  Құрылыс кодексіндегі жаңа тәсілдері және сәйкестік туралы декларациясы туралы  дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Жаңа құрылыс кодексіне енгізілген халықтың жүріп-тұруы шектеулі азаматтардың әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар нысандарға кедергісіз қол жеткізуіне қатысты талаптар жан-жақты талқыланды.        

Сонымен қатар, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу және пайдалануға қабылдау кезінде қолжетімді орта қағидаттарын сақтау, инклюзивті инфрақұрылымды қалыптастыру, қолданыстағы заңнама талаптарын бірізді қолдану мәселелері бойынша пікір алмасылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1258793?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді