
2026 жылдың 15 шілдеде мемлекеттік еңбек инспекторлары Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу және анықтау мақсатында профилактикалық рейд өткізді.
Рейд барысында «Doner Sushi Bar», «Курочка Ряба» қоғамдық тамақтану орындары, «Заман», «Достар» және «Алтын» мейрамханалары, «Wildberries» тапсырыс беру пункті, «Орал» автожуу орны, «Ануар» базары, «Ыстық нан» сауда павильоны, «Панда» балалар ойын-сауық орталығы, «Сырдария» сауда үйі, сондай-ақ «Qazaq Oil», «Люкс Ойл», «Liqui Moly», «Gaz Oil» және «Helios» жанармай құю станциялары қамтылды.
Рейд барысында жұмыс берушілермен және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ оларды еңбек қызметіне тарту кезінде еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды ауыр жұмыстарға, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарға заңсыз тарту фактілері анықталған жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1258823?lang=ru

Жауап қалдыру