Маңғыстау ауданы полиция бөлімі интернет алаяқтық пен есірткі қылмысының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында интернет алаяқтық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндіріліп, банк картасының деректері, SMS арқылы келетін растау кодтары және жеке мәліметтерді бөгде тұлғаларға бермеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерге өтпеу, жалған жарнамаларға сенбеу және белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауларға сақтықпен қарау жөнінде кеңестер берілді.

Сондай-ақ тұрғындарға есірткінің заңсыз айналымының қоғамға келтіретін зияны, есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және өткізу үшін заңнамада қарастырылған жауапкершілік түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, заң талаптарын сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысуға шақырды.

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1259227?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді