
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесу-семинар өтті.
Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Мендалиев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Ақзада Мадалиева, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Кездесуде аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбекұлы мемлекеттік қызметтің басты мақсаты – халыққа адал әрі сапалы қызмет көрсету екенін атап өтіп, заң талаптарын қатаң сақтау, Әдеп кодексінің нормаларын басшылыққа алу және кәсібилік, ашықтық пен адалдық қағидаттарын берік ұстануға шақырды.
Жиын барысында Ерлеген Мендалиев заңнамаға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, олардың мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, меритократия қағидаттарын нығайту, мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен ашықтығын арттырудағы маңызын түсіндірді. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және заң талаптарын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Өз кезегінде Ақзада Мадалиева мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр даярлау, кәсіби біліктілікті арттыру және үздіксіз білім алу мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1258080?lang=ru

Жауап қалдыру