Мичурин атындағы негізгі орта мектепте шатырды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратал ауылдық округіндегі Мичурин атындағы негізгі орта мектеп ғимаратында шатырды ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған жоба білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және оқушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жөндеу жұмыстарына 17 950 987 теңге қаржы бөлінді. Жобаны мердігер ұйым – «AldiYard» ЖШС жүзеге асыруда.

Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, аяқталғаннан кейін мектеп ғимаратының шатыры толықтай жаңартылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/1257821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді