
2026 жылғы 14 шілдеде мобильді фронт-офис Тимирязев ауданына барып, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары бойынша кеңес берді.
Делегация құрамында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы, «Солтүстік» ӘКК» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өкілдері болды.
Кездесу барысында қатысушыларға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері, «Ауыл аманаты» және «Іскер аймақ» бағдарламаларына қатысу шарттары, жеңілдетілген қаржыландыру, кепілдік беру құралдары және бизнесті дамытуға арналған өзге де мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар мамандар жеке кеңестер өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Осындай көшпелі кездесулер мемлекеттік қолдау шараларының аудан тұрғындары үшін қолжетімділігін арттыруға, кәсіпкерлерге практикалық көмек көрсетуге және шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1258097?lang=ru

Жауап қалдыру